Созақ ауданының әкімі іскер әйелдерді қабылдады

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков әр саланың майталман мамандарынан және кәсіпкер әйелдер мен іскер қыз-келіншектерден құралған «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерін қабылдады. Ұйым мүшелеріне әрбір атқарып келген игі шаралары үшін алғыс айтып, еркін тақырыпта пікір алмасты. «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.
«Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова ұйымның бүгінге дейінгі атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына тоқталып өтті. Бірлестіктің 10 жылдық мерейтойына орай шығарылған журналды көпшілікке ұсынып, жаңа журналдың лентасы қиылды.
Айта кетейік, бірлестік әр жылы аудан аумағындағы түрлі қоғамдық шаралар мен қайырымдылық акцияларға белсене араласып келеді. Қайырымды, белсенді қыз келіншектерден құралған бірлестік заңды тұлға ретінде тіркелген. Ұйым арнайы түзілген іс-шара жоспарына сәйкес қамқорлық акциялар мен қоғамдық іс-шараларға мейірімді жүректерімен атсалысып келеді.
Түркістан – халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көп балалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Жыл сайын республикамызда дүниеге келетін 400 мыңнан астам баланың әрбір жетіншісі Түркістан облысының еншісінде. 2023 жылы өңірде 54 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашты.
Облысымызда 179 мың көп балалы ана бар. 2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық «Алтын алқа» иегерлері саналы ұрпақ өсіруде. Біз 44 мыңға жуық «Күміс алқа», 4 мың «Ана даңқы» орденінің иегерлерімен мақтанамыз. Ардақты аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *