«Жас құтқарушы» сайысы өткізілуде

«Жаз қызығы-көңілді демалыс» жазғы іс — шаралар жоспарына сәйкес «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты Сайрам аудандық бөлімінің педагогы Керимбаева Маржан Жумахановна үйірмешілерге туристік кедергілер жолағы,асылма өткелден өтудің әдіс-тәсілдерінен туристік сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты үйірмешілерге туристік кедергілерден өтудің әдіс-тәсілдерін үйрету, шапшаңдыққа,жігерлікке,тез шешім қабылдауға үйрету, туристік ептілікке баулу, үйірмешілердің жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану болды. Жазғы демалыс уақытындағы іс-шараларымыз өз жалғасын табуда.

Айта кетейік, облыс аумағындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар қауіпсіздігі үшін күзет агенттіктері қызмет көрсетеді және орналасу аумағына қарай полиция қызметімен бірлескен жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, өңірде мектеп жанындағы бір мезгіл тамақпен қамтитын 350 лагерь (105 987 оқушы қамтылады) және 648 ойын алаңшасы (214 654 оқушы қамтылады) балалар үшін қызмет көрсетеді. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында жаз мезгілінде 108 мың оқушы көркейту, көгалдандыру жұмыстарына тартылып, құрылыс бригадалары мен мектеп орманшылығының жұмысына көмекші ретінде қатысады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 446 педагог қызметкер жұмыс істеуде. Жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, 80 колледж студенті дуальдық білім беру аясында жұмысқа тартылған.

Оқушылар үшін мәдени-ағартушылық, әскери-патриоттық және спорттық бағыттағы 83 облыстық іс-шаралар тізбесі бекітілген. Соған сәйкес «Ұлттық мектеп лигасы» жарысы, «Жас құтқарушы» сайысы, ұл және қыз балалар арасындағы облыстық футбол турнирі іске асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *