Лагерьлер бейнебақылау камераларымен, күзет қызметімен, байланыс құралдарымен, өрт дабылдарымен қамтамасыз етілген
«Жаз қызығы-көңілді демалыс» жазғы іс — шаралар жоспарына сәйкес «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты Сайрам аудандық бөлімінің педагогы Тажиметова Мадина Тагаевна үйірмешілерге жарақаттанушыны тасымалдаудың әдіс-тәсілдерінен шеберлік сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты жарақаттанушыны тасымалдаудың әдіс -тәсілдерін үйрету, туристік кедергілерден өтудің әдіс-тәсілдерін үйрету, -шапшаңдыққа, жігерлікке, тез шешім қабылдауға үйрету, сонымен қатар, үйірмешілердің жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану.
Жазғы демалыс уақытындағы іс-шараларымыз өз жалғасын табуда.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері ( 7-еуі мемлекеттік, 15-і жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35 482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады делінген. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен 3421 оқушы тегін жазғы сауықтыру лагерьлерімен қамтылуда.
Түлкібас пен Төлебидегі «Самал» және отбасылық үлгідегі балалар лагерінде облыстағы 2 отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 152 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Тәртібі бойынша мектепішілік тізімде және полиция есебінде тұратын 1100 оқушы Төлеби ауданындағы «Тау барысы» лагерінде шатырлы лагерьмен қамтылады. Ал, жаз айларында 266 оқушы «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық лагерьлерінде тынығады.
Лагерьлер бейнебақылау жүйелерімен, күзет қызметімен, байланыс құралдарымен, өрт дабылдарымен қамтамасыз етілген.