«Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы тегін демалады

«Жаз қызығы — көңілді демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ – не қарасты Төлеби аудандық бөлімінің қосымша білім беру педагогы Бектаева Сабира Оразбайқызының ұйымдастыруымен «45 градусқа көтеріліп, өзін-өзі сақтандырып түсу» бойынша тәжірибелік сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты үйірмешілердің жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану, үйірмешілерге «45 градуска көтеріліп, өзін — өзі сақтандырып түсу» техникасын үйрету, үйірмешілердің туристік білімдерің, ептіліктерін кеңейту, оларды топтық және жекелей жұмыс істеуге бейімдеу, сонымен қатар, өзара достыққа, сыйластыққа, татулыққа шақыру болды.

Жазғы демалыс уақытындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Облыста оқушылардың жазғы сауықтыру лагерьлеріне бірінші ауысымға 2464 бала қабылданды. Оның ішінде «Қазақстан халқына» қорының есебінен Түлкібас ауданындағы «Машат–Арасан» сауықтыру лагеріне 8 ауданнан 400 бала, Маятас ауылындағы «Гавая» лагеріне 3 ауданнан 250 бала тегін жіберілді. Түлкібас пен Төлеби аудандарындағы лагерьлерде облыстағы 2 отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 152 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Одан бөлек, 266 оқушы басқа облыстардағы «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық лагерьде тынығуда.

Жазғы лагерьлер бірнеше ауысыммен жұмыс істейді, осылайша маусым айының өзінде облыстағы 7 мыңнан астам оқушы демалыстарын мазмұнды өткізеді. Ал, сауықтыру лагерьлері жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Биыл «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерімен тегін қамтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *