Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қоғам болып атсалысу маңызды

Созақ ауданында «ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» атты республикалық акциясы өтті. Іс шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қанат Ақбаев, Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қорғау тобының инспекторы Айжан Манапова, «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» секторының әлеуметтік маманы Біржан Саржанов, психологы Құралай Ыдырысова қатысты.

Шара барысында Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қорғау тобының инспекторы Айжан Манапова Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы «Қазақстан Республикасынның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылғандығы туралы айтып өтіп, сол заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» секторының мамандары зорлық-зомбылыққа душар болғандарға заң аясында әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетілетіндігін, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға шақырды.

Айта кетейік, жоғары тілге тиек етіп өткен «Қазақстан Республикасынның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда әйелдер мен балаларға қатысты кез-келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілген.

Расында да кейбір отбасыларда қыз-келіншектер мен балалар зорлық-зомбылық, теперіш көріп жүр. Алайда, осындай отбасы, ошақ қасындағы оқиғалар «жабулы қазан жабулы күйінде» қалып келеді. Содан болса керек, қоғам мұндайды қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Ер азамат әрқашан отбасының қорғаушысы, тірегі бола алуы тиіс. Ендігі жерде нәзікжанды жәбірлеу, қорғансыз баланы қорлауға жол берілмейді.

Отбасы, ол —  шағын мемлекет. Әрбір шаңырақта береке, бірлік болса, тату үйге тақсырет жоламайтыны анық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *