Жансая сүт өнімдерін шығармақ ниетте
Кейіпкеріміз Батыр Жансая Әкімжанқызы кәсіпкерлікпен айналысады. Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округі, Сұлтанбек Қожанов ауылының тұрғыны. Былтыр өз кәсібін бастау мақсатында 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алу үшін “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-на өз бизнес жобасын ұсынып, нәтижесінде несиеге қол жеткізген болатын. Қазіргі таңда өз қора жайында ірі қара мал басын көбейтіп және алдағы уақытта сүт өнімдерін шығаруды мақсат етіп отыр.
Кейіпкеріміз шағын несие туралы әлеуметтік желіден естіп, бизнес жоспар дайындап қатысуға бел байлап, нәтижесінде несиені алып, 15 ірі қара мал сатып алған екен. Үй шаруасында жұбайы екеуі мал шаруашылығын дамытып, отбасылы жас кәсіпкерлер қатарын толықтырып отыр.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2 140 926 мың тұрғын бар. Соның 654 мыңы – 14-35 жас аралығындағы жастар. Оның ішінде 150 мыңнан астамы қала жастары болса, 500 мыңға жуығы ауылдарда тұрады. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша өткен жылы 310309 жасқа, биыл екі айда 41 331 жасқа кеңес берілген. Нәтижесінде жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша 594 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген несие берілген. Бүгінге дейін мыңға жуық өтінім келіп түскен. 15 мыңнан астам жас колледждерге тегін оқуға түсіп, бөлінген грант толық игерілген. Қазіргі таңда NEET санатындағы 58 510 жас бойынша мәліметтер «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Жастарды келеңсіз жағдайлардан қорғау мақсатында психопрофилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізіліп, жастарға жеке мәселелері бойынша психологиялық көмек көрсетілген. Бұдан бөлек, ауылдар мен елді мекендерде де рейдтік және республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған.