Түркістан облысында суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Түркістан облысында су нысандары мен шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Осы ретте балалардың қауіпсіздігін сақтау бағытында құзырлы органдармен облыстың барлық аудан, қалаларында ата-аналармен жергілікті жерлерде кездесулер ұйымдастырылып, барынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бері құзырлы органдармен кезекшіліктер бекітіліп, 4685 адамды тарта отырып, 2229 патрульдеу және рейд жұмыстары ұйымдастырылып, өзендер мен каналдардың бойында орналасқан 4000-ға жуық тұрғын үйлерді аралау арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Үлкендердің қарауынсыз жүрген 100-ден аса бала ата-аналарына тапсырылды. Қайғылы оқиғалардың көбісі балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуынан болып жатқандықтан, құзырлы органдармен облысымыздың барлық аудан, қалаларына бару арқылы ата-аналармен жергілікті жерлерде кездесулер ұйымдастырылып, барынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектеп директорларымен судағы қауіпсіздік бойынша семинарлар мен 244 ашық сабақтар өткізілді. Өңірде судағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстары кеңінен қарқынды жүргізілуде.
Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларын тегін шомылдыру бойынша, бүгінгі таңда 51 меморандум түзіліп, 600-ден астам баланы тегін шомылдыру жұмыстары жүргізіліп, арнайы су кешендерінде 2500 мыңнан астам жасөспірім балаларды жүзуге және шомылуға үйрету жұмыстары жүргізілген.
Облыс аумағында шомылуға арналған 27 орынның 15-і жұмысын бастап кетті. Қосымша коммуналдық жағажайлар ашу үшін Арыс ауданында 2, Ордабасы ауданында 9, Сауран ауданында 2 орын анықталып, су айдынының түбін зерделеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Арыс қаласында жағажайлар ашылды.