Отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар айтылды
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Аналар кеңесінің ІI тоқсандық отырысы өтті. Отырысты Аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова жүргізіп отырды.
Аталған жиынға «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының маманы А.Саудебаева, Төлеби аудандық ауруханасының психо-профилактика бөлімінің психологі А.Шертаева және әлеуметтік қызметкер С.Аязова №8 колледж ұзтаздары мен этнос студент жастары Көксәйек ауылдық округі, Көксәйек елді мекенінде орналасқан Төлеби жалпы орта мектебінің ұстаздары Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты: Әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, әйелдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. Аналар кеңесі қоғамдық тұрақтылықты сақтауда жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыс орнатып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жас отбасылардың ажырасуының алдын-алу және отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Айта кетейік, Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ.
Бүгінгі таңда өңірімізде 400 мыңнан аса отбасы бар. Көпбалалы батыр аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Сондықтан ана мен бала құқығын қорғау, ардақты аналардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – үлкен міндет.
Қазіргі таңда облыста 183 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде 17 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр.
Өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 213 020 кәсіпкер болса, оның 68 000 мыңға жуығы шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатыр.