Көпбалалы аналар ардақталды

Жақында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев және аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров алты және одан көп баланы дүниеге алып келген аналарға Мемлекет басшысының Жарлығымен «Күміс» және «Алтын» алқаларды табыс етті.

Әйел ана әр үйдің, отбасының, отанның мерейі. «Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркімен, ана мейірімен нәр алады» — деген даналық сөз бар. Расында адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Ұлттымыздың асыл қасиеті ан ұрпақтың бойына ана сүтімен дарып, болашаққа жалғасады. Сондықтан, ер үйдің иесі деп санаған дана халқымыз, әйелді шаңырақтың киесіне балаған. Бүгінде ауданда 2021 «Алтын алқа», 3140 «Күміс алқа» иегері бар.

Жалпы өңірімізде көпбалалы отбасылар саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Қазіргі таңда облыста 400 мыңнан аса отбасы бар, оның 183 мыңнан астамын көпбалалы аналар құрайды. Оның ішінде 17 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері ел ертеңі болар ұрпақты өсіріп жатыр.

Өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 213 020 кәсіпкер болса, оның 68 000 мыңға жуығы – шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды. Ана мен балаға қамқорлық таныту мемлекеттік саясаттың басты тұғыры болып табылады. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыдан бөлек көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Кәсіп бастаймын дейтін аналарға да қолдау бар. Әйелдердің қоғамдағы белсенділігімен облысымыздың әлеуметтік саласындағы өзекті мәселелер рет-ретімен шешімін тауып келеді. Білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік салаларында ілкімді өзгерістер болып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *