Қарияларға құрмет көрсетті

Жақында Түлкібас ауданының әкімі Н.Ізтлеуов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының жетекшісі, мәслихат депутаты — Р.Қарақұлов, Майлыкент ауылдық округінің әкімі Қ.Ахметов Түлкібас ауданы Майлыкент, Кемербастау ауыл округтеріне қарасты елдімекендерде тұратын 90-100 жастан асып, ғасыр жасап отырған кейуаналардың хал-жағдайын біліп қайтты. Құрметке бөленген ақ жаулықты аналар алғысын жеткізіп, елдің тыныштығы мен отбасының амандығын тілеп, баталарын берді.

— Жер бетiндегi жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегiмен әрленедi десек, әр кез олардың еңбектерiн бағалап, сый-құрмет көрсету парызымыз. Сiздер өмiрдi нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесiздер. Әрқашан шаңырақтарыңыздан қуаныш, күлкi кетпесiн. Отбасыңызға береке, бiрлiк тiлеймiз. Ұл-қыздарыңыз бен немере-шөбере, шөпшектерiңiздiң қызығын көре берiңiздер, — деді аудан әкімі.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 400 мыңнан аса отбасы бар, оның 183 мыңнан астамын көпбалалы аналар құрайды. Оның ішінде 17 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр. Өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 213 020 кәсіпкер болса, оның 68 000 мыңға жуығы – шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды. Ана мен балаға қамқорлық таныту мемлекеттік саясаттың басты тұғыры болып табылады. Әйелдердің қоғамдағы белсенділігімен облысымыздың әлеуметтік саласындағы өзекті мәселелер рет-ретімен шешімін тауып келеді. Білім беру, денсаулық сақтау жүйелерінде ілкімді өзгерістер болып жатыр, жаңа мектептер мен емханалар бой көтеріп жатқанын да тілге тиек ете кетейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *