Балалар мәз-мейрам болды

Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.

Балаларды қорғау күні мерекесінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.

Бұл мереке 1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітіліп, қазіргі күнге дейін әлем елдерінде тойланып келеді. Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды ратификациялады, ол өз кезегінде балалар құқығын қорғауға мән беруге алып келеді.

Түлкібас ауданындағы ерекше балалардың бір сәт көңілін көтеріп, елеп-ескеріп, қорғауға дайын ұйым бар екендігін көрсету мақсатында «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында ерекше балаларды оңалтуға бағытталған «Медеу» қайырымдылық қорымен бірлескен арнайы іс-шара өткізілді. Онда мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сый-сияпат берілді. Балалар мәз-мейрам болып тарқасты.

Айта кетейік, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы таратқан мәліметтерге сүйенсек, өңірімізде 110 мыңнан астам адамы бар 27 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Осы 27 мың отбасыда 70 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар, өңірімізде тұрмыс жағдайы аз қамтамасыз етілген отбасыларда 1 және 6 жас аралығындағы 48,7 мың бала өсіп келеді. Оларға өткен жылы 1 млрд. 695,2 млн. теңге көлемінде қосымша әлеуметтік төлем тағайындалған болатын. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *