Мақта кластерін дамытатын кәсіпорын бой көтермек

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірімізде мақта кластерін дамыту, оған инвесторлар тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров «TURAN» арнайы экономикалық аймағында мақта кластерін құру бойынша жиын өткізді. Басқосуға «Tүркістан» ӘКК», «Turkistan Invest» ЖШС және «TURAN» арнайы экономикалық аймағының басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Жиын барсында жаңадан ашылатын кәсіпорын жұмысы және оны инфрақұрылыммен қамту мәселелері қаралды. Нәтижесінде, келесі айдан бастап мақта кластерін дамытатын кәсіпорын өз жұмысын бастамақ. Жоба құны – 400 млн. АҚШ доллары. Өндіріс орнында 4 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Түркістан облысы – республика бойынша мақта өсіріп, өңдейтін жалғыз өңір. Өңірде 23 мақта өңдеу кәсіпорны бар. Олар жылына 100 мың тоннадан астам мақта талшығын өндіреді.«TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағында қолайлы инвестициялық жағдайлар жасау мақсатында инвестициялық жеңілдіктер беріледі.
Өңіріміз республикада мақта дақылын өсіретін бірден-бір аймақ болып табылады. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылым бар, оларда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді. Осыдан екі жыл бұрын әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайларға және логистикалық желілердің бұзылуы, көлік шығыстарының өсуі шетелдік компаниялардың (трейдерлердің) қазақстандық мақта нарығына қызығушылығын төмендеткен болатын. Бұл өз кезегінде шитті мақта бағасының төмендеуіне әкеліп соқты. Осы орайда бірінші кезекте мақта дақылын рентабельділігі жоғары дақылдарға алмастыру жұмыстары қолға алынды. Бүгінде бұл бағытта өңірімізде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *