Келес ауданында 4 ауыл округінде мәдениет үйі салынады

Келес ауданында мәдениет және спорт саласын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылған. Ауданымызда 8 мәдениет үйі және 10 клуб жұмыс істеуде. Былтыр Ошақты ауылдық округі, Жиделі елді мекенінен 75 орындық ауылдық клуб құрылысы басталды. Нысанның сметалық құны 292 331,0 мың теңгені құрайды. Мердігер «Асар строй групп» ЖШС-і. Нысанның құрылыс жұмыстарын биыл аяқталып, пайдалануға беріледі делінген.

Сонымен қатар, өңірде қазіргі таңда 4 мәдениет нысандарының ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп)  тиісті басқармаға қаржы қаралуға ұсыныс жолданды.Атап айтқанда, Ұшқын ауылдық округінде 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы (жалпы құны 449 091,0  млн.тг), Жүзімдік ауылдық округінде 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы (жалпы құны 401 134,0  млн.тг), Алпамыс батыр ауылдық округінде 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы (жалпы құны 411 619,0 млн.тг), Біртілек ауылдық округінде 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы (жалпы құны 635 107,0 млн.тг).

Биыл Абай ауылы аумағынан мұражай салу мақсатында көлемі 0,36 гектар жер телімі бөлініп, сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленді. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуге мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.Аудан орталығы Абай ауылының, Асан қайғы көшесінің бойында «Рәміздер алаңын» іске асыру жоспарлануда.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында 264 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың баяндауынша, бұл 264 мәдениет мекемесінің 204-інің ғимараты бар, 60-ы жекеменшік ғимараттар мен мектеп, әкімдіктерде орналасқан. Оның 8-іне ғимарат салу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *