Келес ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 252 жоба қаржыландырылды
«Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Келес ауданынан бұл жобаға былтыр 4 ауылдық округі енгізілді (Қошқарата, Ошақты, Ақтөбе және Біртілек). Ауданда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2023 жылдың қорытындысымен барлық өтінім білдіргені 337 жоба, оның қаржы қаралғаны 252 жобаға 1,4 млрд. теңге несиемен қаржыландырылды. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы бойынша 66 жобаға 462,0 млн.теңге қаржыланып нәтижесінде 5,3 гектарға жылыжай кешендері салынып 98 адам жұмыспен қамтылды.Мал шаруашылығы бойынша 178 жобаға 874,0 млн.теңгеге қаржыландырылып 234 адам жұмыспен қамтылды.Балық шаруашылығында 2 жоба 17,0 млн.теңгеге қаржыландырылып 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.Тұрғындар өз кәсібін ашу яғни 6 – бағыт бойынша 4 жоба 28,0 млн.теңгеге қаржыландырылып, нәтижесінде 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, «Ырыс» МҚҰ арқылы көктемгі дала жұмыстары бағдарламасы арқылы былтыр 65 шаруаға 361,8млн.тг несие берілді. Ал, биыл жылбасынан бүгінге дейін аталған бағдарлама арқылы 75 шаруаға 425,1 млн.тг несие берілді. Аталған бағдарламаның жұмысы жалғасын табуда.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының маңызды салаларының бірі. Жыл басынан бері аталмыш салаға 88,5 миллиард теңге инвестиция тартылды.Өңірдегі АӨК-ні дамытудың маңызды бағыттарының бірі жаңа технологияларды пайдалану болып отыр. 31 788 га алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізілді. Ал «бір жерден жылына 2-3 өнім алу» жобасы суды 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді.
Қарқынды бау-бақша көлемі 5405 гектарға дейін жеткізілді. Нәтижесінде өнім 5 есеге артып, шаруалар 300-350 центнерге дейін өнім жинады. Бұрын бұл көрсеткіш 60-70 центнер деңгейінде ғана болатын.