Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы жұмыс барысымен 11-13 шілде күндері Жетісай және Мақтаарал аудандарында болды. Департамент басшысының іссапарының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының тапсырмасына сәйкес, білім беру ұйымдарының 2023-2024 оқу жылына дайындығын анықтап бару арқылы мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында Департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауға алуды тапсырды.
Нақтырақ айтқанда мониторинг келесі көрсеткіштерді қамтиды:
1.​Білім беру ұйымдарындағы интернет;
2.​Білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу;
3.​Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік (бейнебақылау, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесі);
4.​Білім беру ұйымдарындағы жылы санитарлық тораптар (әжетханалар);
5.​Білім беру ұйымдарындағы спорт залдары;
6.​Білім беру ұйымдарындағы асханалар;
7.​Пәндік кабинеттер (химия, биология, физика), робототехника кабинеттері.
Естеріңізге сала кетейік мониторинг жұмыстары 10-24 шілде аралығында жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *