Келес ауданында аудандық маңызы бар жолдар жөндеуден өтуде
Келес ауданындағы елді мекендерде 711 шақырымды құрайтын ішкі көше бар.2022 жылы жақсы және орташа жағдайдағы жолдардың үлесі 51,4 пайызды құрайтын немесе 365 шақырым жолдар асфальтталған болатын. 2023 жылы бұл көрсеткіш 56,3 пайызды құрап, яғни асфальтталған жолдардың ұзындығы 400,4 шақырымға жетті.
2023 жылы «Бекбота-Ашыкөль» аудандық маңызы бар автомобиль жолы 9,9 шақырымы (құны 370,0 млн. теңге) пайдалануға берілді.Республикалық маңызы бар автожолының жүзімдік елді мекенінен лесбек батыр елді мекеніне дейінгі аралықта (144-156 шақырымдары аралығы) ұзындығы13,0 шақырым орташа жөндеуден өткізілді.
Сонымен қатар, 2024 жылға «Ашыкөль-Қалғансыр» аудандық маңызы бар автомобиль жолына 6,8 шақырымға (құны 264,0 млн. теңге) тиісті қаржысы бөлінді.Облыстық маңызы бар КХ-72 «Абай-Шардара» жолының 29 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде (жалпы құны – 1 851млн.тенге, 2023 жылға бөлінген қаржы 100 млн.тенге). Нысанды ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 723,1 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар 3 983,3 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 1 725,7 шақырымды, елді мекен ішіндегі көшелер 11025,7 шақырымды құрайды.
5 жылда 6 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71 пайыздан 92 пайызға дейін жетті. Былтыр 1,5 мың шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылдың 25 қарашасында «Дарбаза– Мақтаарал» теміржолының құрылысы басталды. Бұл теміржол желісінің құрылысы Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталған.