Шымкентте сәбиін сатпақ болған 23 жастағы жас әйел ұсталды
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы жас әйелдің өз баласын сатпақ болып, сатып алушыларды іздеумен айналысқанын анықтады. Ол делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан.
Жайт Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бала сәбилер үйіне орналастырылды.
Күдікті қамауға алынды.