«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Ашық есік күні» өтті

Іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы, әкімшілік қызметкері, Тұран ауданы прокуратурасының өкілі, Жергілікті полиция қызметі басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, Аналар кеңесінің төрайымы, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы және Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас мамандары мен «Бақытты жүрек» орталығының психологы қатысты.
Кәсіби мамандар орталықта қызмет алушы аналарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіп, көкейінде жүрген жеке сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, заң тұрғысынан сауатын арттыруға көмектесті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *