Полицейлер 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады
Түркістан облысы ПД қызметкерлері ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» шекаралық бақылау бекетінде полиция іздеуде жүрген шетелдікті Өзбекстан Республикасына қарай шекарадан өту кезінде ұстады.
Ер адамның 2014 жылдан бастап Ресей Федерациясының Иркутск қаласында адам өлтіргені үшін іздеуде жүргендігі анықталды. Ол көрші мемлекеттің аумағынан қашып кеткен, соған байланысты халықаралық іздеу жарияланған болатын. Ұсталған ер азаматты полиция уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта шетелдікті экстрадициялау мәселесі шешілуде.