Түркістан облысында полиция 10 мыңнан астам тұрғынды интернет-алаяқтықтан сақтандырды
Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Сайрам ауданында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Жедел уәкілдер аудан аумағындағы әрбір үйді аралап, тұрғындармен жеке кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Полиция қызметкерлері әңгіме барысында бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, құпия сөздерін, SMS-кодтарын бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және интернет-дүкендерден тауар сатып алу кезінде тексерілген, сенімді платформаларды пайдалану қажеттігін түсіндірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
