Шымкентте 300-ден астам тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылды

Жергілікті полиция қызметі басқармасының тәртіп сақшылары атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп есепте тұрған қолайсыз отбасылар мен алкогольдік ішімдікті көп пайдаланатын 6000-ға жуық азаматпен профилактикалық жұмыс жүргізді.
«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласына қатысты 308 жайт тіркеліп, 322 тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылды. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген 1268 адам тиісті жауапкершілікке тартылып, 249 азамат арнайы есепке қойылды.
Бұған қоса, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында қала аумағында нәзік жандыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *