Шымкентте полицейлер болуы мүмкін жол көлік оқиғасының алдын алды

Жедел басқару орталығындағы түнгі кезекшілердің назарын Рысқұлов көшесіндегі дүкендердің бірінің алдында тұрған «LADA Granta» көлігінің жүргізушісі мен жолаушының мінез-құлқы аударды. Олар аяқтарынан әрең тұрып, құлап қалды. Алкогольге қатты мас болғанына қарамастан, ер адам рөлге отырып, тағы бір бөтелке ішкеннен кейін көлікті басқара бастады.
Машина дер кезінде тоқтатылды. Патрульдік полицейлер шұғыл жетіп, оның жолын бөгеп, орын алуы мүмкін жол-көлік оқиғасының алдын алды.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Енді ол алдағы 7 жылда көлік жүргізе алмайды.
Полицейлер автокөлікті мас күйде басқарудың қауіпті екенін және қайғылы оқиғалармен аяқталуы мүмкіндігін ескертеді және азаматтарды осындай жайттар туралы 102 арнасына хабарлауға шақырады. Сіздің қоңырауыңыз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *