Келес ауданында 83 елді мекеннің 59-ы табиғи газбен қамтылған

Келес ауданы Қошқарата ауылдық округіне қарасты 9 елдімекен мен  Абай ауылының 4 шағын ауданында(Мақташы, Аманжар, Алғабас, Жамбыл-1, Жамбыл-2, Бесауыл, Жаңақоныс, Байтерек, Қарабура және Оңтүстік, Шығыс, Автостанция, Құрылыс)  газдандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға көгілдір отын жеткізілді.

Табиғи газбен қамтылған 9 елді мекен және Абай ауылы 4 шағын ауданы абонент саны – 1954. Оның ішінде табиғи газға қосылғаны – 854. Қалған абаненттер жеке тұрғын үйінің құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде.Нәтижесінде, табиғи газбен83 елді мекеннің 59-ы қамтылған.

Табиғи газбен қамтылмаған 13 елді мекенді газ жүйесімен қамтуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Жалпы құны – 6 053,0 млн.тенге.Оның ішінде, Ошақты ауыл округі мен Бірлік ауыл округі жалпы 10 елді мекеніне жеткізуші магистралды газ құбырына (құны 2,6 млрд теңге) және Ұшқын ауыл округі Достық, Қоралас елді мекендеріне (құны 1,2 млрд теңге) 2024 жылға тиісті қаржысы бөлінген.

Айта кетейік, Түркістан облысында табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Әсіресе, жұмысы тоқтап қалған «сақалды құрылыстардың» да шешімі табылып, нысандар іске қосылып жатыр.

Ресми деректерге жүгінер болсақ, Түркістан облысында 2 млн. 119 мың 063 адам өмір сүретін 832 елді мекен бар. Соның ішінде 1 млн. 649 мың 464 тұрғыны бар 513 елді мекен (61,6 %) табиғи газбен қамтамасыз етілген.Өткен жылы облыста 107 нысанның құрылысы жүрді. Бұл үшін ұлттық қордан – 8,3 млрд., республикалық бюджеттен –  2,2 млрд., ал, облыстық бюджеттен – 7 млрд. теңге,  жалпы 17,5 млрд. теңге  бөлінді. Сөйтіп, 60 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 111 876 тұрғын «көгілдір отынға» қол жеткізді.  Қалған 47-сі биылға өтпелі нысандар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *