КЕНТАУДА ОБЛЫСТЫҚ КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Кентау қаласының 70 жылдығына орай «Кентау – шабытымның шырағы» атты облыстық композиторлар байқауы өтті. Шараға Түркістан облысына қарасты аудан-қалалардан 15-ке жуық сазгер қатысып, өз туындыларын көрерменге паш етті.
Облыстық байқауда әділ төрелік еткен қазылар алқасы құрамында –ҚР Білім беру ісінің үздігі, композитор, ұстаз Әлімбек Қонысбеков, “Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы” МКҚК бөлім жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Зағипа Өмірзақова және Балалар саз мектебінің мұғалімі Жұмахан Киізбаев болды.
Кентау қаласына арналған әсем әндер байқауының нәтижесі бойынша — Бас жүлде Созақ ауданынан келген сазгер Байыс Мамырғалиға бұйырды. Ал, 1-орынды кентаулық әнші әрі сазгер Ерғали Шырынбеков, 2-орынды мақтааралдық Серғазы Байдуллаев иеленсе, 3-орынға келестік Заман Нұрханов пен жетісайлық композитор Қуаныш Спанов ие болды. Кентау жайында керемет әндерді паш еткен жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *