ҚАРАТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округі тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша округтің жаңа әкімі болып Естауов Саулет Әбіласанұлы сайланды.
Аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов Қаратау ауылына арнайы барып, жаңа сайланған әкімді ұжымға таныстырды. Жаңа әкімге сенім артып, жұмысына сәттілік тіледі.
Сайлау қорытындысымен Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Талғат Нағиұлы таныстырып, Саулет Әбіласанұлына қызметтік куәлігін табыстады.
Естауов Саулет Әбіласанұлы 1992 жылы 12 желтоқсанда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2014 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы «South Textiline kz» ЖШС де электрик болып бастаған. 2017-2024 жылдар аралығында Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де әдіскер, 17.01.2024-16.05.2024 Қаратау ауылдық округі әкімі аппаратында әскери есеп столы жөніндегі бас маманы, 16.09.2024 жылдан бүгінге дейін Қаратау ауылдық округі әкімінің кеңесші іс басқарушысы болып қызмет атқарған.