Кентауда жол жөндеу жұмыстары қарқын алды
Кентауда жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Айта кетейік, «Ащысай Су» МКК-ні тарапынан қала көшелерінде шұғыл ақау орын алған су жүйлерін реттеу барысында жолдар қазылған болатын.Бүгінгі таңда жауапты мекеме тарапынан қазылған жолдардың бөлігін қайта қалпына келтіру шаралары атқарылып, асфальт төселуде.
Аталған жұмыстар қаладағы Жібек жолы, Құрманғазы, Д.Қонаев, С.Сейфуллин, Құралбаев, Ш.Уәлиханов, Әл-Фараби, Әли-Бекен, Т.Рысқұлов, Яссауи, Д.Нүрпейісова көшелерінде жүзеге асырылуда.
Жалпы Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 723,1 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар 3 983,3 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 1 725,7 шақырымды, елді мекен ішіндегі көшелер 11025,7 шақырымды құрайды.
5 жылда 6 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71 пайыздан 92 пайызға дейін жетті. Былтыр 1,5 мың шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.