Түркістан облысы: Халықаралық фестиваль аясында тал отырғызу акциясы өтті

 Түркістан облысының әкімдігі мен «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен бірінші халықаралық «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» фестивалі аясында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, су айдындарының маңындағы табиғатты қорғау және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Фестиваль аясында өткен бастамаға облыс басшылығы, «Ауыл» партиясының мүшелері, балық шаруашылығының мамандары, шетелдік қонақтар мен жергілікті белсенді жастар қатысты. Акция барысында жас көшеттер отырғызылып, «Жасыл белдеудің» негізі қаланды.
Айта кетейік, «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» халықаралық фестивалі тек балық аулау спортын дәріптеп қана қоймай, ауылдық аймақтарды абаттандыру мен экологиялық туризмді дамытуға бағытталған бірегей платформаға айналды.
Шараға қатысушылар тазалықты сақтау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша өз ойларын ортаға салып, игі істерді дәстүрлі түрде жалғастыруға уағдаласты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *