Түркістанда заңдастыруға келген шетелдік көліктер ішінде Nexia маркасы көп тіркеліп жатыр

Шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы басталған алғашқы күні Түркістан облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 150-ге жуық азамат өтініш берген.

Әзірге 9 азамат көлігін тексеруден өткізіп, құжат алды.

Алғашқы болып көлігін тіркеген азаматтың бірі — Түркістан қаласының тұрғыны Оңғар Әлиев.

Ол 1,5 жыл алдын Ресейден әкелген Nexia маркалы автокөлігін небары 2 сағат ішінде толық тексеруден өткізіп, қазақстандық нөмір алды.

Көлік жүргізушісі Мемлекет басшысының осындай қолайлы жағдай жасағанына, халықты қолдағанына алғысын жеткізді.

Айта кетейік, Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру 5 жерде жүргізіліп жатыр.

Атап айтар болсақ, Түркістан қаласында және Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандарындағы мамандандырылған ХҚО-да өтініштер қабылданады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *