Қоғамдық жұмысқа 14 мыңға жуық азамат тартылады

Түркістан облысында тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша бірқатар жобалар қолға алынған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аппарат мәжілісінде халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

– Жұмыспен қамту саласына жауапты басқарма осы саладағы жұмыстарды негізгі үйлестірушіге айналуы тиіс. Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және өзге де басқармалармен тығыз байланыста жұмыс істеңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.

Жиын барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева халықты жұмыспен қамту шаралары туралы баяндады.2024 жылы облыс әкімімен бекітілген «Өңірдің жұмыспен қамту картасы» аясында 118,9 мың жұмыс орны ашу жоспарланған. Оның ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындары, сонымен қатар Ұлттық жобалар мен тұжырымдамаларда ашылатын жұмыс орындарына жолдау, 7,2 мың адамға грант және шағын несие беру көзделген.

«Еңбек» бағыты бойынша биыл 85,4 мың азаматты, оның ішінде 43,3 мың адамды тұрақты, 42,1 мың адамды уақытша жұмысқа жолдау жоспарланды. І тоқсанда нақты 35,1 мың адам, оның ішінде 8,6 мың адам тұрақты, 26,5 мың адам субсидияланған уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Егін егу, дала жұмыстары басталуына байланысты сәуір айынан бастап әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындары бойынша жоспарлық көрсеткішке сәйкес жұмыссыздарға жолдама беріліп келеді.

Субсидияланған жұмыс орындарының ішінде жоспар көрсеткіші ең жоғарысы қоғамдық жұмыс орындары болып саналады. 2024 жылы қоғамдық жұмысқа 14 мыңға жуық жұмыссыз азаматты жолдау жоспарланған. Соның ішінде 10 мыңға жуық азаматқа жолдама берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *