Түркістан облысындағы аудандарда отбасын қолдау орталықтары ашылады
Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Бүгінгі таңда, өңірімізде 400 мыңнан аса отбасы бар. Көпбалалы батыр аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады.Сондықтан ана мен бала құқығын қорғау, ардақты аналардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – үлкен міндет.
Қазіргі таңда облыста 183 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде 17 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр.
Өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 213 020 кәсіпкер болса, оның 68 000 мыңға жуық шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды.Қазіргі таңдағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5659 мемлекеттік қызметшінің 1542-і немесе 26,9%-ын нәзік жандылар құрайды. 2023 жылы Түркістан қаласында әлеуметтік мәселелерімен келетін көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға арналған «Қамқорлық» жанұя орталығы ашылды.
Аталған орталықтың оң нәтижелері мен тиімділігі ескеріп, 2024 жылы өңіріміздің барлық аймақтарында мағыналас орталықтарды ашу кестесі бекітілді. Жоспарға сәйкес 2023 жылы Отырар, Сайрам және Жетісай аудандарынан сектор ретінде ашылған отбасын қолдау бөлімшелері жұмыс жасап, қызмет көрсетуде.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті бюджетте қажетті қаржыларды қарастырып, отбасын қолдау орталықтарын ашу жөнінде аудан қала әкімдеріне тапсырылды.
Облыс әкімдігі тарапынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, оларға қатысты жасалатын зорлық–зомбылықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық кеңестермен бірлесіп жұмыстар атқарылуда.