Сауранда құлпынай өсіретін жылыжай іске қосылды
Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылдық округінде құлпынай өсірумен айналысатын «МУХИТДИНОВ» шаруа қожалығы іске қосылды. Жеке кәсіпкер Алымжан Мұхитдинов жылыжай шаруашылығын дамытуға заманауи технологияны енгізіп, құлпынай өндірісін қолға алып отыр. 2024 жылы жұмысын бастаған жобаның инвестициялық құны 300 млн. теңгені құрайды. Жаңа технологиядағы жабық топырақтағы құлпынай аумағы – 0,7 гектар. Онда 10 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Қожалық иесінің айтуынша, жылыжай 1 жыл ішінде кемінде 10 тонна өнім береді. Жылыжайда құлпынайлар ешқандай химиялық тыңайтқышсыз, табиғи жолмен өсірілуде.
Жалпы, биыл Сауран ауданында 37,0 млрд.теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 849 жұмыс орыны ашылады. Жобаларды атап өтсек:
- Шаға ауылынан «Turkistan Fruit» ЖШС — 400 гектарға қара өріктен жеміс шырынын тікелей сығу өндірісі. Жоба құны — 8,5 млрд.теңге. 2022-2026 жыл
- Шорнақ ауылынан ЖК «Sauran Plast» — Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қалтасын шығаратын өндірістік кешені. Жоба құны — 500 млн.теңге.
- Шыпан ауылынан ЖК «ASIABRAND» — Отбасылық, тұрмыстық жиһаз жасау өнеркәсібі.
- Теке ауылынан ЖК «ND PLAST TURAN» — Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу.
- Шойтөбе ауылынан «ІDEAL TURKESTAN» ЖШС — Жұмсақ жиһаз өнеркәсібі.
- Бостандық ауылынан «Ныш Ер» ЖШС — Демалыс орны және қонақ үй құрылысын салу.
- Еңбекші Диқан ауылынан ЖК «ӨЗЕН» — Демалыс орны.
- Қаражон ауылынан ЖК «Ердаулет» — Демалыс орны. Жоба құны — 350,0 млн.теңге.
- Шорнақ ауылынан «Sayazhai» ЖШС — Жол бойындағы «Бауырсақ» қызмет көрсету орталығы.
- Абай ауылынан «SAKETAU Resort» ЖШС — Отбасылық демалыс орны.
- Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС — 20 МВт күн электр станциясының құрылысы.