Түлкібас ауданында биыл кезекте тұрған азаматтарға 580 жер учаскесі беріледі
Түлкібас ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың 12 айдың қорытындысымен 6 418,1 млн. теңгені құрап (жылдық жоспар 5 048,0 млн. теңге), нақты көлем индексі 118,3 пайызға орындалды (өткен жылдың тиісті кезеңі 4 949,5 млн.теңге). 28 163 ш.м (жылдық жоспар 27 660,9 ш.м) тұрғын-үй пайдалануға берілді (өткен жылдың тиісті кезеңі 27 387 ш.м).
Инфрақұрылым бойынша «Бақыбек» мөлтек ауданында (электр желісі, су мен кәріз жүйесінің жұмыстарына жалпы құны 646,3 млн. теңге) инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілді, 2023 жылға 175,8 млн. теңге бөлінген. Нәтижесі 66,6 га жерге 199 жер учаскесі кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
Сонымен қатар, Ирсу елді мекеннің инженерлік инфрақұрылым құрылысына (электр, су және газ жүйесіне жалпы құны 328,6 млн. теңге. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 76 жер телімі қарастырылған) 97,1 млн. теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша 27 мың адам жер кезегіне тіркелген. 6 елді мекенге инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленген. Атап айтар болсақ, олар: Абайыл, Азаттық, Керейт, Ақбиік, Жабағылы, Т. Рысқұлов ауылы Нұршуақ мөлтек ауданы. Жалпы жер телімінің көлемі 156,2 гектарға инфрақұрылым жүргізген жағдайда 580 жер учаскесі кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
Өткен жылы тұрғын-үй кезегінде тұрған азаматтарды үймен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 259,2 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда 27 үй сатып алынды.
Ал, бүгінде Түркістан облысында 60 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегіне тіркелген. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және жалғыз тұрғын үйі апаттық жағдайда деп танылған азаматтар бар.