Қазығұрт ауданында мал соютын заманауи цех іске қосылды

Қазығұрт ауданында заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталған мал соятын цех іске қосылды. Сала мамандары мұны ауданда ағымдағы жылы жүзеге асырылған ірі жобалардың бірі дейді. Бұйыртса, «Қарқын-2030» ЖШС-нің мал сою бекетінде тәулігіне 167 бас ірі қара мал союға мүмкіндік болмақ. Жобаның жалпы құны 1,1 млрд. теңге. Онда 10 адам жұмыспен қамтылған.
Айта кетейік, ауданда өнеркәсіп өнім көлемі бойынша өткен жылғы жоспар 11,4 млрд. теңге болса,оның нақты орындалуы 11,9 млрд. теңгеге жетіп, жоспар артығымен орындалды. Оның 9,3 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі болды. 2024 жылы алға қойып отырған жоспар – 15,3 млрд.теңге.
Былтыр ауданда құны 4,2 млрд. теңге болатын 58 инвестициялық жоба іске асырылып, 243 адам жұмыспен қамтылды. Ал, биыл 14 млрд. теңгеге 67 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 479 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, бөлшек сауда көлемі 2022 жылы 8,8 млрд. теңгеге орындалса, 2023 жылдың қорытындысымен 11,6 млрд. теңгеге жетіп, бұл көрсеткіш тиісті кезеңімен салыстырғанда 131,8 пайызға артық болды. Ағымдағы жылғы жоспар – 13,7 млрд. теңге.
2022 жылы негізгі капиталға 23,1 млрд. теңге инвестиция бағытталса, оның 17,0 млрд. теңгесі жеке инвестиция есебінен болды. Ал, 2023 жылдың қорытындысымен ауданға 33,6 млрд. теңге инвестиция тартылса, оның 27,4 млрд. теңгесі жеке инвестиция есебінен болды. Ағымдағы жылғы жоспар 35,9 млрд. теңгені құрап отыр.
Қазығұрт ауданында тартылған жеке инвестиция көлемі жыл сайын артуда. Өңірдегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 4 жылда 60 пайызға өсіп (2020 ж – 9166), 14 мыңнан асты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *