Жылына 10 тонна балық өсіруді мақсат етуде

Өткен жылы өңірімізде 6847 тонна балық өндірілген болатын. Биыл бұл көрсеткішті 7000 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыста «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бойынша бекітілген жұмыстар жалғасын табуда. Жақында облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілдері Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы «Казиханов» шаруа қожалығының жұмыс барысымен танысты.

Кәсіпкер Казиханов былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан 2,5 пайызбен 6,8 млн теңге несие алып, кәсібін бастаған болатын. Бүгінгі таңда екі бассейнде форель, сазан балығын өсіріп отырған кәсіп иесі жылына 10 тонна балық өсіруді көздеп отыр. Қазір мұнда 10 азамат жұмыс істейді. Олар балықтың өсуін бақылып, үш мезгіл қажетті тағамдарын беріп отырады екен.

Жоба құны 80 млн теңгені құрайды. Кәсіпкер өз қаржысы есебенін 73,2 млн теңге салған. Балық орталығындағы бассейіндерден балық арнайы ауланады. Ауланған балықтарды тағам етіп дайындап береді. Бүгінде бұл жер тек кентаулықтар ғана емес, көрші аудан-қаланың тұрғындары келіп тамашалайтын мекенге айналған. Онда өндірілетін балық өнімдері ауылдағы балық сататын дүкендерде де сатылуда.

– Негізі 2015 жылдан бері балық шаруашылығымен айналысып келемін. Алайда, кәсіби түрде бұл істі бастағыныма 1 жыл болды. Осы аралықта 7-8 тонна өнім алдық. Қазіргі уақытта 30 соттық жер алып, балық көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, – деді кәсіп иесі Құрбан Казиханов.

Бүгінде кәсібін жаңадан бастаған кәсіпорынның балықтарына сұраныс артқан. Кәсіп иесі бұл межемен тоқтап қалмай, алдағы уақытта балық өнімін көбейтуді жоспарлауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *