Төлебиде «Тең қоғам және қазыналы қария» орталығы ашылады

Төлеби аудандағы экономикалық белсенді халық саны 49,7 мың адамды құраса, 47,1 мың адам жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар саны 2599 адам, жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады. «Еңбек» бағыты бойынша 6832 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның 2848 тұрақты, 3984 уақытша. 2023 жылы 90 азаматқа қайтарымсыз грант берілді, 1035 кәсіпкерлік оқуға жолданды, 2848 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орнына 271 азамат, Жастар практикасы 363 азамат, қоғамдық жұмыстарға 937 азамат жолданды. Атаулы әлеуметтік көмек 619 отбасыға 336 млн теңге төленді.
2024 жылы 49,8 млн. теңге — әлеуметтік пакет пен мектепке дейінгі жастағы балаларға тамақ себетіне, 340 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмекке, 612 млн. теңге — қоғамдық жұмыстарға, 144,7 млн. теңге жаңа бизнес–идея, иелері қайтарымсыз гранттарға, 810,7 млн. теңге — Жастар практикасына, 184,7 млн. теңге — «Күміс алқа» жобасына, 168,7 млн. теңге «Алғашқы жұмыс орны» жобасына бөлінді. Сонымен қатар, биыл «Тең қоғам және қазыналы қария» орталығын ашуға 129 млн теңге қаржы қаралды.
Айта кетейік, Түркістан облысында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5%-ға төмендеген. 2023 жылы нақты 160,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат 5 бағытта жүргізілуде.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Құралованың баяндауынша, 2024 жылы жастарға 3,1 млрд. теңгеге шағын несие беру көзделуде. Бүгінгі таңда ҚР Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен облыс арасында үш жақты келісімшарт түзіліп жатыр. Биыл шағын несие алушылар бизнес-жоспарларын өндіріс орындарын ашуға бағыттауы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *