Жетісай ауданының тұрғындары электр қуатымен толық қамтылған
Жетісай ауданы электр қуатымен толық қамтылған. жаңадан түскен көшелерге электр желісін салу және КТП орнату үшін 505,1 млн.теңге қаржы қарастырылып, 1 нысан пайдалануға берілді.
Елді мекендердегі жаңадан түскен көшелерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға 2 нысанға 1,1 млрд.теңге қаржы қарастырылып, 1 нысан пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, элeктр жeлiлерiн салу және КТП орнату мақсатында Ж. Ералиев ауылдық округіндегі 8 елді мекенге, Абай ауылдық округіндегі 5 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтің баяндауынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 922,8 млн. кВт/сағат электр қуаты өндірілген. Ал, барлығы 4 310,8 млн. кВт/сағат электр энергиясы тұтынылған. Оның ішінде облыста 21,4 пайыз немесе 922,8 млн. кВт/сағат өндірілді, ал, 78,6 пайыз немесе 3388 млн. кВт/сағат электр энергиясы солтүстік энергия көздерінен алынды.
2023 жылы сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша 10,3 млрд. теңге бөлінді. Жалпы құны 10,3 млрд. теңге болатын 66 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 36 нысан аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Нәтижесінде 40 елді мекен, 104 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылды. Ал, 30 нысанның құрылысы биыл аяқталады.
Биыл өңірде 54 нысанның құрылысы жүргізілмек. Оның 28 нысанын биыл аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде 44 елді мекен, 49,8 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады. Қалған 26 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Аталған салада жаңа энергия көздерін салу, дәстүрлі энергия көздерін дамыту бойынша да жұмыстар атқарылуда. 2030 жылға дейін 1117 МВт электр қуатын пайдалануға беру жоспарлануда.