Бәйдібек ауданында «Ана тіршіліктің тірегі» атты мерекелік шара өтті
Бәйдібек ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараны аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаев ашып, аналарға жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай, ауданның төбе биі Тұрсынәлі Дүйсенбеков аналарға құрмет көрсетті.
Мерекелік іс-шара барысында әйел-аналардың қоғамдағы орны, отбасы мен ел дамуына қосқан үлесі кеңінен айтылып, аналардың мейірімі мен жанашырлығы, парасаты мен еңбегі ерекше құрметпен аталып өтті. Шара барысында аналар мен аруларға арналған жылы лебіздер айтылып, мерекелік құттықтаулар жолданды. Сондай-ақ, мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздар аналарға арналған әсерлі әндерін тарту етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
