Нигора жылыжайынан жылына 4 тонна қиыр алады

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде тұратын «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалармен танысты. Жеке кәсіпкер Нигора Сейтходжаева осы бағдарламамен 5 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, 0,80 гектар аумаққа жылыжай кешенін салған болатын. Жылыжайдан жылына 4 тонна қияр алады. Кешен толығымен тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған.

Түркістан – республика халқын жеміс-көкөніс өнімдерімен, оның ішінде жылыжай кешеніндегі қызанақ, қиярмен қамтамасыз ететін негізгі өңір. Облыста 1569 гектар алқапта 3366 бірлік жылыжай бар немесе республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы орналасқан. Онда 12 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның ішінде 87 гектары – өндірістік, ал, 1482 гектары – фермерлік жылыжайлар. 2015 жылмен салыстырғанда осы салаға тартылған инвестиция көлемі 7 есеге ұлғайды, былтыр 74,7 млрд. теңгеге жетті.

««ЭКО-культура» компаниясының елімізге инвестиция салуы біз үшін үлкен мәртебе. Бұл жобаны жан-жақты қолдауға дайынбыз. Жобаны іске қосу, өңірде ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді», — дейді сала мамандары.

Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31 пайызында іскер ханымдар  басшылық жасап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *