Сайрам ауданында 600 орынды мектеп пайдалануға тапсырылады
Сайрам ауданында бірнеше білім нысанның құрылысы қолға алынған болатын. Оның бірі Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы №61 Базарбаев атындағы мектебіне 300 орындық оқу корпусының құрылысы. Нысанның сметалық құны – 574 382,0 мың теңге. Конкурстық құны – 524 736,14 мың теңге. Мердігер мекеме «Корпорация Атамекен» ЖШС-і. Жобалаушы — «А Строй Проект» ЖШС-і. Техникалық қадағалаушы — «RoyalCompany» ЖШС-і. Қазіргі таңда құрылыс нысанын өткізу-қабылдау жұмыстары бойынша рәсімделу жұмыстары жүргізілуде.
Ал, екіншісі №14 Сапарбаев атындағы мектебіне 200 орындық оқу корпусы, спортзал және акт залы, асхана және шеберхана құрылысы. Нысанның сметалық құны – 790 318,0 мың теңге. Конкурстық құны – 612 756,57 мың теңге. Мердігер мекеме — «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-і. Жобалаушы — «А Строй Проект» ЖШС-і. Техникалық қадағалаушы — «ОрдаСиндикат LTD» ЖШС-і. Нысан 2023-2024 жаңа оқу жылында қолданысқа тапсырылды.
Сонымен қатар, Сайрам ауданы, Арыс ауыл округі, Нұржанқорған елді мекеніндегі Анартаев атындағы №62 негізгі орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусымен акт залы, спорт залы, асхана, шеберхана құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген болатын. Жобаның сметалық құны – 867362,0 мың теңге. «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында 325,2 млн.теңге қаржы қаралып,мемлекеттік сатып алу конкурсына ұсынылған. Қазіргі таңда «Строй ЭкспрессРК» ЖШС-і 790 366,7 мың теңгеге ұтып алып, құрылысы жүргізіліп, нысан 2023-2024 жылдың жаңа оқу жылына қолданысқа тапсырылды.
Ал, Айнабұлақ атындағы жалпы орта мектебі 1991/2001 жылы қолданысқа берілген болатын. Білім ұясы 275 оқушыға арналған. Аталмыш мектепте 604 оқушы білім алуда.