Сарыағашта 10 «Жайлы мектеп» салынады

Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» құрлысын салу ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдарға Сарыағаш ауданында 10  жайлы мектеп салу құрылыс жұмыстары бекітілген. Оның ішінде 4 жайлы мектептің құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталды. Атап айтқанда, олар: Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінен 900 орындық мектептің құрылысы; Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекенінен 900 орындық мектептің құрылысы; Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Телемұнара шағын ауданынан 900 орындық мектептің құрылысы; Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Б.Оспанов көшесінің бойынан 300 орындық мектеп құрылысы.

Қалған 6 жайлы мектептің құрылыс жұмыстары биыл бастау жоспарланған.  Атап айтар болсақ, олар: Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Самал-3 мөлтек ауданынан 1500 орындық мектеп құрылысы; Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Ақ үй  елді мекенінен 900 орындық мектептің құрылысы; Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекенінен 900 орындық мектептің құрылысы; Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекенінен 900 орындық мектептің құрылысы;Сарыағаш ауданы, Көктерек кентінен 600 орындық мектептің құрылысы;Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауылдық округі, Таскескен елді мекенінен 600 орындық мектептің құрылысы.

Осы «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы негізінде былтыр салынатын мектептердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысының (су, газ, электр жүйесімен қамту) жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін, меморандумға тұру арқылы демеуші есебінен жұмыстар жүргізілген. Оның мердігері «МАКcor» ЖШС-гі.

Жалпы Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 жылда жалпы 63 мектеп салынады (49 мың орын).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *