Жетісай ауданындағы елдімекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтылған

Жетісай ауданындағы  қала, кент және ауылдық округтерге қарасты 105 елді мекен толық орталықтандырылғын ауыз су құбырымен қамтылған. Халық саны бойынша 100% құрайды.

Былтыр ауыз су құрылысын жүргізуге және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3,3 млрд.теңге қаржы қарастырылып, 1 нысан пайдалануға берілген болатын. Ал, Қазыбеки би, Жаңаауыл, Ж.Ералиев ауылдық округтеріндегі құрылысы жүріп жатқан ауыз су нысандары осы жылға өтпелі.

Биыл 3 ауыз су нысанына 1,2 млрд. теңге қаржы қарастырылған болатын. 2024 жылдың тамыз айына дейін 3 нысан пайдалануға беру жоспарлануда. Солардың бірі Жаңа ауыл ауыл округі Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атаконыс елді мекендерін сумен жабдықтауды мердігер мекеме «Арай-нс» ЖШС-і өз мойнына алған. Құрылыс жұмыстарының сметалық құны – 3,5 млрд.теңге. Бөлінген қаржы – 1,12 млрд.теңге. Халық саны – 12437. Ал, Қазыбек би ауылдық округінің Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құруды мердігер мекеме «Еxclusive stroy corporation» ЖШС-і қолға алған. Құрылыс жұмыстарының сметалық құны – 481,0 млн.теңге. Бөлінген қаржы – 46,8 млн.теңге. Халық саны – 2678. Сонымен қатар, Ж.Ералиев ауылдық округінің Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құруды мердігер мекеме «Еxclusive stroy corporation» ЖШС-і қолға алған. Құрылыстың сметалық құны – 692,5 млн.теңге. Бөлінген қаржы – 67,6 млн.теңге. Халық саны – 1967.

Бұдан бөлек 10 елді мекеннің ауыз су жүйесіне жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Атап айтар болсақ, олар: Алпамыс, Достық, Қызылтаң, Сайлау, Зерделі, Абай, Ғ. Мұратбаев, Қосқұдық, Таубай ата, Алмалы елді мекендері.

Жалпы облыста елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту, ауыз су, газ құбыры жоқ ауылдардың мәселесін шешуге басымдық берілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *