Төлеби ауданында демеушілердің есебінен 100 орындық спорт және өнер кешені ашылды
Төлеби ауданында 15 мәдени ошақ ( 7 мәдениет үйі, 8 ауылдық клубтар), 31 кітапхана (5 қалалық, 26 ауылдық) бар. 2023 жылы 3 елді мекен клубтарын ағымдағы жөндеуге 12,2 млн теңге, “Ауыл-Ел бесігі” бойынша 2 Мәдениет үйінің құрылысына 195 млн теңге бөлінді. Момынай елді мекеніндегі Мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Киелітас елді мекеніндегі Мәдениет үйінің құрылысын аяқтауға 258 млн теңге қаржы қарастырылып, 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Ауданда 400 спорттық нысандар жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ, олар: 68 спорт зал, 294 спорттық алаңдар, 1 стадион, 2 жүзу бассейні. 2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылға Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық — сауықтыру кешенінің және футбол алаңшасының құрылысын аяқтауға аяқталып, пайдалануға берілді. Көксәйек елді мекенінен кешенінің құрылысын бастауға 550 млн теңге қаржы қарастырылды, 2024 жылға Көксәйек елді мекенінен кешенінің құрылысын аяқтауға 363 млн теңге қаржы бөлінді. Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны — 49900 адам.
Керегетас елді мекенінен ЖК Т.Үсенұлының демеушілігімен құны 150 млн. теңгеге 100 орындық спорт және өнер кешені ашылды. Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына орай Қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесінің дәстүрлі 60-шы турнирі өтті. Зертас елді мекенінен құны 517 млн теңгелік спорт кешенінің жоба-сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынып қаржыландыруға ұсынылды.
Айта кетейік, Түркістан облысында 3814 спорт нысаны тіркелген. Оның 2673-і білім беру мекемелерінде орналасқан 3056 нысан ауылдық жерде (80%), 758 нысан қалаларда (20%) тіркелген.