Полиция 14 жылқыны ұрлады деген күдікпен екі облыстың тұрғындарын ұстады
Түркістан ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыстың жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қызметіне тосқауыл қойды. Жедел уәкілдер 3 күдіктіні, яғни Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындарын ұстады, олардың бірі малдарды сатып алушы.
Мал ұрлаушылардың Бәйдібек ауданында орналасқан жайылымнан 14 жылқыны жымқырғаны анықталды. Жалпы шығын 4 миллион теңгеден асты. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ұрланған жылқыларды, «Газель» маркалы автокөлікті және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Сондай-ақ олардың Қызылорда облысының аумағында басқа да 2 мал ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Мал ұрлығы бүгінде ең өзекті мәселе. Сондықтан полиция барымташыларды анықтау мен олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырады.