Төтенше жағдай орын алған өңірлерде орналасқан жоғары оқу орындарын су алмаған. Залал келу мен қирау қаупі жоқ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан барлық оқу орнынан студенттерді қауіпті аймақтарға жібермеу туралы тапсырма берілді. Жоғары оқу орындарында жұмыс және оқу штаттық режимде жүргізілуде. Онлайн оқытуға төтенше жағдай режиміне байланысты тек қана Х.Досмұхамедова атындағы Атырау университеті көшкен, деді ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов.
Оның айтуынша, жоғары оқу орындары апатпен күреске де тартылған: студенттер гуманитарлық көмектерді таратуға жәрдемдесуде. Су басқан өңірлерде еріктілер топтары жасақталды. Олардың саны 5 мыңнан асады. Көмек көрсетуге ниетті жастар саны күн сайын артып келеді.
«Өңірлерде зардап шеккендерді жоғары оқу орындарының жатақханаларына орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні жоғары оқу орындары өз жатақханаларынан эвакуацияланған адамдар үшін 1160 орын беру үшін әзірлеп қойған», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *