Жеті млн теңгенің темекісі Астанаға заңсыз әкелінген

Елордада 7 миллион ​​теңгеден астам сомаға заңсыз темекі өнімдерінің партиясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордада рейд барысында вейп, кальянға арналған және электронды темекі сияқты сәйкестендіру құралынсыз (акциз маркасы) 5 360 темекі бұйымын анықтады.

Жалпы сомасы — 7 841 500 теңге.

Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабымен сәйкестендіру тәсілімен темекі бұйымдарын таңбалау қағидасын бұзу бойынша материалдар жасалды.

Нәтижесінде тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *