Мешіттің жанындағы қосалқы ғимарат тарихи-мәдени мұраға жатпайды – әкімдік
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Шыңғысбай қажы» мешітіне арнайы барып, кешеннің қазіргі жағдайымен танысты.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылыс жұмыстарын тездетіп, әрі сапалы етіп екі айдың ішінде аяқтауды тапсырды. Қазір мешіт ғимараты зақымдалмаған, жамағатқа тәулік бойы қызмет көрсетуде. Яғни, әрбір адамның бес уақыт намаз оқып, құлшылық жасауына толық мүмкіндік бар.
Шыңғысбай қажы Дәуітұлының шөбересі болып келетін Сейдахан Мамытов «мешіт бұзылып жатыр» деген хабарды естісімен-ақ Төлеби ауданынан арнайы келіпті.