Сарыағашта шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бақылау-бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Нақтырақ айтсақ, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік азаматқа «Флора» атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатты.
Полицейлер алған ақпарат бойынша күдік тудырған 36 жастағы Тәжікстан елінің азаматын тінту кезінде, оның шалбарының қалтасынан есірткі затына ұқсас зат табылды. Сараптама қортындысы нәтижесінде ол «гашиш» болып шықты.
Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті ер адамды қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.