Арыста «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы өтуде

Ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республика көлемінде «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» ұранымен акция өтуде.
Түркістан облысы полиция департаменті Арыс ауданы бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Мырзахметова Айжан Аділбекқызының ұйымдастыруымен Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндіру дәрісі өткізілді.
Бұл шараға мектеп оқушылары мен «Әжелер алқасының» төрайымы Ө. Елубаева , білім бөлімінің бас маманы А.Жунисов , Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі», «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Д.Тәжі, “Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметінің” сектор меңгерушісі Ж.Абылова, аурухана дәрігері Г.Сұрымбаева қатысты.
Жиын барысында оқушыларға осы тақырыптағы бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға жадынамалық парақшалар таратылды. Өз кезегінде жастарға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен олардың заңды құқықтары түсіндірілді. Полицейлер оқушыларға мұндай жағдайлар орын алғанда әрдайым мектеп психологына және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *