Екі ер адамды ұрып-соғып, ақшаларын тартып алған күдіктілер ұсталды

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың ортақ таныс жігіттері күш қолданып, біреуінің қалтасындағы 140.000 теңгесін, екіншісінің ұялы телефондағы банктік қосымшасынан бір миллионнан астам ақшасын тартып алып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Полицейлер аталған фактіні ҚК ҚР-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшыларының кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында көп ұзамай 4 күдікті анықталып, ұсталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты.
Белгілі болғандай, оқиға кешкі уақытта болған. 4 жігіт бірге ішімдік ішкен. Содан соң ауылдас екі жігітті көріп, ұрып-соғу арқылы ақшаларын тартып алған. Қазіргі таңда төрт күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *