Шымкентте ата-анасының бақылауынсыз жүрген 10 бала бейімдеу орталығына орналастырылды
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында Ювеналды полиция инспекторлары мегаполис аумағында түнгі рейд жүргізді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2 күн ішінде жалпы саны 166 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде, түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 131 жасөспірім әкімшілік кодекстің 442-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.
Сондай-ақ, беймезгіл уақытта ойын-сауық орындарында болған 22 жеткіншекке қатысты 442-баптың 1-бөлігімен хаттама толтырылды.
Бұған қоса, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген 12 кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен жауакершілікке тартылып, тағы 10 бала бейімдеу орталығына орналастырылды.